Трамптың импичменті басталды - АҚШ Конгресі
Трамптың импичменті басталды - АҚШ Конгресі
180
оқылды

АҚШ-тың өкілдер Конгресі палатасының Спикері демократ Нэнси Пелоси Конгресс президент Дональд Трамптың импичментіне қатысты процесті бастайтынын хабарлады.

Арнайы мәлімдеме жасаған Пелоси «Бүгіннен бастап өкілдер палатасы ресми түрде импичмент тергеуін бастағанын жариялаймын», деді.

Оның сөзінше, президенттің іс-әрекеттері «оның президент лауазымын, ұлттық қорғаныс пен таңдау еркіндігін сатып жібергенін» дәлелдейді.

Пелоси Трампқа импичмент қоюға түрткі болған оның Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлесіп, АҚШ-тың президенттігіне үміткер Джо Байденнің ұлы Хантер Байденге қарсы тергеу амалдарын ықтимал талап етуі болыпты.

Бұған пікір білдірген Ақ үй басшысы импичмент процедурасын бастау туралы мәлімдемені демократтар «БҰҰ-дағы маңызды күнді бұзу үшін» істеп отыр деді. Бұл туралы Трамп өзінің Twitter парақшасында жазды.

АҚШ-тың Конституциясына сәйкес, импичмент үрдісін өкілдер палатасы тергеп, зерттейді, оның нәтижесі Конгрестің жоғары палатасы яғни Сенаттың қарауына өтеді.

Қазіргі уақытта өкілдер палатасында демократтардың, ал Сенатта республикашылардың бәсі басым.