Қырғыз Республикасы  Ресейге қосыла ма?
Қырғыз Республикасы  Ресейге қосыла ма?
Раимкул Аттакуров Фото: Интернеттен алынды
215
оқылды
Қырғыз Республикасында  Ресей құрамына кіру туралы мәселе талқыланып жатыр. Бұл туралы Мәскеудегі қырғыз диаспорасының төрағасы, Қырғыз Республикасының Ресейдегі экс-елшісі Райымқұл Аттакуров мәлімдеді. «Тарихи тағдыр бізге бірге болуды алдын ала белгіледі. Ғасырлар бойы біз біргеміз. Біздің ортақ тарихымыз бар және ұзақ уақыт бойы болашағымыз бар деп үміттенеміз. Қазір көптеген қырғызда  Ресей құрамына кіру туралы ой бар», – деді Аттакуров. Ол  диаспоралық қоғам арасында осындай мәселе туындайтынын және талқыланатынын тілге тиек етті. « Әрине, мұны бірден әрі тез істеуге болмайды. Бірақ менің ойымша, бұған бару керек, өйткені өмірдің өзі бізді бірлікке итермелейді», – деді экс-елші. Тengrinews.kz Аттакуров Қырғызстан бұрынғы КСРО республикаларының ішінде орыс тілі мемлекеттік, Конституциялық тіл мәртебесіне ие жалғыз ел екенін атап өткенін жазады.