Қарағанды әкімінің орынбасары мемлекетке  107 миллион шығын келтірді деген күдікпен ұсталды
Қарағанды әкімінің орынбасары мемлекетке  107 миллион шығын келтірді деген күдікпен ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
192
оқылды
12 қыркүйекте Қарағанды ​​облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар бөлімінің қызметкерлері Қарағанды ​​қаласы әкімінің орынбасары  Жақсылық Шалабековті ұстады.

«Тергеу жүргізіліп жатыр, іс облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша тергеуге қатысты  өзге де ақпарат құпия болып саналады және оны жариялауға болмайды», – деді прокуратура өкілдері.

Қылмыстық әрекеттермен Жақсылық Шалабеков мемлекетке 107 млн теңге шығын келтірген деген күдік бар. Қазіргі уақытта ол соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды.