Lego үйлер легі
Lego  үйлер легі
169
оқылды

Жаңа технология барын­ша дамығаны белгілі. Қа­зір ақылды үйлер елі­міз­­­де де бар. Америка ен­­ді үй құрылысына жаңа тех­­­­нологияны енгізбек. Мұны олар құрылыс материал­да­рын алдын ала дайындау ар­­қы­лы іске асырмақ. Бұл ар­қы­лы үйдің нарықтағы ба­ға­сы түседі деген болжам бар. Болашақтағы lego үйлер жай­лы сөз болғанымен, то­лық­­­қанды мәлімет – құпия.

Америка тұрғындары жайлы үйде тұрғанды ұнатады. Кең әрі жағдайы толығымен жасалған бас­па­наны қалайды. Сондықтан көп­қабатты үйден гөрі, жер үй құры­лысы көп. Мұны біз кәдуілгі кино­дан байқаймыз. Жер үй сал­ған­да да, коттеджді жөн көреді екен. Кем дегенде екі-үш жатын бөлме, үйдегілерге, қонақтарға арналған жуынатын бөлме болғаны абзал. Маңыздысы – ойын бөлмесі. АҚШ-тағылар балалардың үй ішін­­де емін-еркін ойнағанын қа­лай­ды. Сонымен, құрылыс жұмыс­та­рына орташа есеппен 428 мың доллар кетеді. Оның үстіне қанша­ма ай бойы күтуге, құрылыс басын­да жүруге тура келеді. Осының бә­рін есепке алған өнертапқыштар lego үй құрастыруды қолға алмақ.

Бүгінгі таңда 8,2 млн амери­ка­лық мобильді үйде тұрады. Ерек­ше­­лігі – фундаменті жоқ, жеңіл, ар­зан әрі көшіп-қонуға оңай. Мо­биль­­ді үй – шағын. Көбінесе үй алуға, жалдауға шамасы жет­пе­ген­дер мобильді үйді таңдайды. АҚШ халқының үй стандартын ескерсек, оларға мобильді үй тиім­сіз. Ал lego үйде сіз қалағанның бә­рі болады. Құрастырмалы үйдің ба­ға­сы да көңіл­ге қонады.

Мұндай үйдің құрылысын бас­тау – не үшін тиімді? lego үй құ­рас­тыру Америкадағы басты мәсе­ле­лердің бірін шешеді. Өйткені ел­­де үй қымбат. Мысалы, Нью-Йорк­­те үй сатып алу 10 мыңнан 3 мил­­лион долларға дейін барады. Чи­кагода орташа есеппен 50 мың дол­ларға үй таба аласыз. 700 мың дол­ларға Лос Анджелестен, 200 мың долларға Майамиден баспана алу­ға қол жетеді. Сан-Франциско­да үй бағасы тіпті қымбат. Үй ба­ға­сы орташа есеппен – 800 мың дол­лар.

Бар әлемде баспана – басты мә­селе. lego үйге мамандар қол­же­тімді баспана деген теңеу қол­да­нады. Болашақта Нью-Йорк сияқ­ты халық тығыз орналасқан қала­дан бастап барлық ірі мега­по­лис­ті қолжетімді тұрғын үймен қам­­ту жоспары құрылып жатыр. Сан-Францискода үй салу құны 750 мың долларды құрайды. Бұл бағамен баспанаға мұқтаж адамдар үй сатып ала алмайды. Тұрғын жай болмауы адамдарды қаладан ығыс­ты­рады. Құрастырмалы үй тұр­ғы­за­­­тындардың басты мақсаты – бә­рі­не тең жағдай жасау.

Сиэттлде іске қосылған қон­дыр­ғы зауытта болашақ lego үй­лер­дің бенефисі өтті. Node – үй индустриясы мен айналысатын ірі ком­­пания. Аталған үйлердің моду­лі ерекше. Ультра тиімді тех­ни­ка­мен жабдықталған. Қабырға ме­талл жақша арқылы құрас­ты­ры­ла­ды. Құрылыс жұмыстарына бұран­да, шеге қажет емес. Бұл – құрылыс ин­дустриясы үшін революция. Жал­пы, үлгі Скандинавиядағы мо­­­дернистік үйлерді еске түсіруі мүм­кін. Кең терезе, жайлы үй мен есік эстетикалық талғаммен құ­рыл­­ған.

Құрастырмалы үй құрылысы не­гізін қалаушы әрі басқарушы ди­рек­торы Бек Чапин үй техно­ло­гия­сы стандартты материалды пай­­далануда екенін айтты. «Фор­му­­ласы – ағаш, металл және оқ­шау­лау. Сыры – бақылау мен жыл­дам жинауда. Үй ішінде сен­сор­лық бақылау жүреді. lego үйдің табиғатқа зияны жоқ. Үй ішіндегі көміртек жайын реттеп отырады. Ағаштың өзі азот деген сөз. Күн па­нель­дері үйді қуаттауға көмек­те­се­ді. Арнайы жасалған жақшалар үйді бірнеше күн ішінде жинауға болатынын көрсетеді. Сондықтан біз бұған lego үй деген атау бердік» дейді басқарушы директор.

Чапин Сан-Францискода өт­кен V Combinator көрмесінде lego үйлерді таныстырды. Node lego үйді ең көрікті жерде құрастыруды қалай­­тынын жеткізді. Әзірге екі жа­тын бөлмесі мен бір моншасы бар, ауданы 400-1000 шаршы метр­ді құрайтын үйлер жақсы саты­лып­ты. Алғашқы 11 үйді 2,7 млн дол­лар­ға сатыпты. Сонда бір үйдің орта­ша құны – 250 мың доллар. Америкадағы тұрғын үй нарығы үшін бұл тиімді баға.

Қызығы, үйдің көп бөлігі за­уыт­та жасалады. Арнайы орын таң­далған соң, жұмысшылар ба­рып құрастырады. Су мен газ кір­гізу, үйдегі ұсақ-түйек жұмысты да зауытта орындау іске қосылған. Бек Чапин мұның бәрі құрылыс ин­дустриясындағы бағаны төмен­де­тетініне сенімді. АҚШ-тағы үй дағдарысы үшін 3D баспана жүйеге енгізілмек.

Осыған ұқсас мобильді үйдің құры­лысы Украинада қолға алын­ған. Құрастырушы Максим Гербут­тың айтуынша, сіз үйді кез келген жер­де тұрғыза аласыз. Тауда, ор­ман­да, теңіз жағасында. Кейін орын ауыстыруға да болады. PassivDom компаниясы әзірге бір үйді жа­сап шығарған. Оның өзін сатып алу үшін кезекте тұрғандар көп. Бір бөлмелі үй – 37 шаршы метр. Болашақта екі бөлмелі 74 шар­шы метрлік үй моде­лі дайын тұр екен.

Мұндай үйлер орталық жүйеге қосылмаған. Яғни, су, газ бен интернет желісі мобильді қосымша арқылы беріледі. Жиһаз заманауи стандартқа сай лайықталған. Тұр­мыс­тық техникаға келсек, асүй толығымен жабдықталған әрі реку­ператоры бар желдету құрыл­ғысы орнатылған. Үй іші тех­но­ло­гия­ға толы болғандықтан, кіріп-шығу үшін саусақ ізі керек. Үйде 24 инженерлік жүйе жұмыс істейді. Мұндай үйді құрастыру үшін 9 адамға 13 күн қажет болған.

Максим Гербут таныстырылым жасағаннан кейін, 12 мың адамнан ұсыныс түскен. Компания келесі жылы 100 үй жасап шығармақ. Одан кейін «1 күнде 1 үй» страте­гия­сы жүзеге асады. Яғни, 365 күн­де 365 үй сатылымға шығады. Ішін­дегі техника мен мобильді жүйесі үшін баға талапқа сай – 90-199 мың доллардың арасында. PassivDom-ға АҚШ-тан 70 пайыз тап­­сырыс түседі екен. Сәйкесінше, Кана­да мен Франциядан мобильді үйге қызығушылық танытқандар бар.

АҚШ нарығына кіру үшін ком­па­ния жұмыс істеп жатыр. Жа­қын­да PassivDom-ға Невада, Калифор­ния мен Ари­зона штатында жұмыс жүргізу үшін сер­ти­фи­кат беріледі. 5-6 жыл ішінде Еуропа елдеріне та­уар жеткізу – компанияның алдағы мақсаты.


Айзат АЙДАРҚЫЗЫ