Қытайдың Юньнан провинциясы Мьянмамен шекарадағы қалаларда әскери жағдай режимін енгізді, - деп хабарлайды "Хабар 24". Себебі көрші елден келген екі азаматтан вирус анықталған екен. Жуйли қаласының барлық тұрғынын коронавирусқа тексеру туралы шешім қабылданып, тұрғындарға қажеттіліксіз үйінен шықпау бұйырылған.
Айта кетейік, Юньан провинциясы Мьянмамен шекаралас. Аймақта бүгінгедейін шетелден келген 7 адамдан вирус анықталған екен.