Отбасылық жанжал кезінде ғана бірге жұмыс істейміз – полицейлер
Отбасылық жанжал кезінде ғана бірге жұмыс істейміз – полицейлер
полицей
449
оқылды
 Ерлі-зайыпты полицейлер 11 жыл бұрын ішкі істер органына жұмысқа орналасып, отбасын құрған. Бүгінде үш бала өсіріп отырған бақытты отбасы Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берді. Отыз жастағы Айдын жарымен осыдан 13 жыл бұрын оқуға түскен кезде танысқан. Уақыт өте келе араларында сезім пайда болып, екеуі жігіт-қыз болып кездесе бастайды. Бір жылдан кейін, диплом алған соң отбасын құрған. Ерлан Сырлыбаев бала күнінен полицей болуды армандаған екен. Он жылдан астам ішкі істер органдарында қызмет еткен ол  бүгінде полиция майоры.

«Жұбайым өзіммен қатар полицияда қызмет етеді. Оның бұл қызметте  істегенін қолдаймын. Ол тек балаларымыздың тәрбиесімен ғана емес, профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандарды тәрбиелеумен де айналысады», – дейді ол.

полицей Ал Айдын Абдуллаева жұмыс пен отбасылық өмірді қатар алып жүру оңай емес екенін айтады.

«Жолдасым да, мен де өте салмақты адамбыз. Бос уақытымызды бір-бірімізге, балаларымызға арнаймыз. Қанша жыл өтсе де жұмыс бабына байланысты арамызда кикілжің болған емес. Бір-бірімізге сенеміз, себебі таныстарымыз да, жұмыс істейтін ортамыз да – бір», – дейді Айдын Абдуллаева.

Ерлі-зайыптылар полиция қызметкері болудың отбасыға қалай әсер ететінін айтып берді. Олардың отбасында балалары ренжіп қалатын жағдай жиі болып тұрады. Отағасы оның себебін мейрам күндері құқық қорғаушылардың күшейтілген режимде жұмыс істеуімен байланыстырады. Ерлі-зайыпты полицейлердің  шақыртуға бірге баруы өте сирек. Отбасылық жанжал туралы хабар түскен кезде ғана бірге барып жұмыс істеуі мүмкін. Өйткені Айдын – жасөспірімдер инспекторы, ал Ерлан ересектер ісімен айналысады.