Astana TV-да – жаңа басшы
Astana TV-да – жаңа басшы
1,127
оқылды

Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Nur Media холдингінің ақпараттық стратегиясын түбегейлі қайта қарауды, оның ішінде жаңа медиаға баса назар аударуды тапсырды. Партиялық БАҚ қарапайым халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, оны шешу үшін өзекті мәселелерді мемлекеттік органдарға жеткізетін объективті және жедел ақпарат көзі болуы керек.

Бүгінде Astana TV еліміздегі же­­текші телеарналардың бес­тігіне енді. Соңғы бірнеше жылда те­леар­наның көрермені төрт есеге артып, өзін-өзі толық қам­тамасыз етіп отыр. Партия Тө­ра­ға­сының Бі­рінші орынбасары Ба­уыржан Байбек осыған дейін атқарған жұмыс­тары үшін Би­бігүл Жек­сен­байға алғыс білдіріп, жақында эфирге жол тартқан «Сая­­си ринг» және Aitarym bar ток-шоу­лары мен бас­қа да арна­йы жо­балардың маңыздылығы туралы айтты.

Телеарнаның жаңадан та­ғайындалған бас директоры Құр­манбек Жұмағали Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни­верситетін журналистика ма­мандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Хабар» телеарна­сында продюсер және жүргізуші, Qazaqstan РТРК АҚ ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар ди­рекциясының директоры, «Қа­зақ радиосының» басшысы, «Алматы» телеарнасы бас ди­ректорының бірінші орынбасары, Қарағанды облысы әкімі баспасөз қызметінің және Маңғыстау об­лыстық ішкі саясат басқар­ма­сының басшысы қызметтерін ат­қарды. Осы тағайындауға дейін ол Qazaqstan РТРК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.


Әбілмансұр ЖАСАН