«Шаңырақтың» шаттығы
«Шаңырақтың» шаттығы
291
оқылды

Талдықорғандағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының этножурналистика саласындағы «шаңырақ» шығармашылық байқауының облыстық кезеңі­ қоры­тындыланып, сынақта оза шапқан жур­на­­листер мара­пат­талды.

«Достық үйі – Қоғамдық келі­сім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы Әбілқайыр Оралов, облыстық «Жетісу» телеарнасының тілшісі Гүлназ Мұстапова, облыс­тық «Жетісу» газетінің тілшісі Мәди Алжанбай сияқты өз ісінің мамандарынан жасақталған қазылар алқасы Алматы облысы­ның аудан, қалаларынан конкурсқа келіп түскен материалдарды мұқият саралап шықты.

Олардың арасында «Шаңырақ» байқауының ережесіне сай «Қоғам­дық келісім мен жалпы­ха­лықтық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін ашуға арналған үздік талда­малық материал», «Ассамблея мен оның құрылымдарының қыз­метін ашып көрсететін үздік материал (Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, «Жаңғыру жолы» РМД)», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдар­ламалық мақаласының тарихи сананы қалыптастыру мән мәтінін­дегі негізгі бағыттарына арналған үздік материал», «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарла­ма­лық мақала­сы­ның негізгі бағыт­тарына арналған үздік мате­риал», «Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолданылу аясын кеңейту мәселесіне арналған үздік материал», «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының негізгі бағыттарын ашатын үздік материал» аталымдары бойынша түскен мақалалар болды. Сонымен бірге Жастар жылына арналған «Жастар жылы – даңғыл жол» және Ілияс Жансүгіровтің 125 жылды­ғы­на арналған арнайы жүлделер тағайындалды. Байқаудың Бас жүлдесін Алматы облыстық «Огни Алатау» газеті бас редакторының орынбасары Забира Сайдильдина алды. «Жетісу» газетінің тілшісі Гүлжан Тұрсын бірінші орынды иеленді. «Жетісу» телеарнасының тілшісі Надежда Белова және об­лыс­тық «Жетісу» газетінің тіл­шісі Еңлік Қабдеш екінші орыннан көрін­ді. Ескелді аудандық «Жетісу шұғыласы» газетінің тілшісі Зейне­гүл Жұмабек, Қаратал аудан­дық «Қаратал» газетінің бас редакторы Асхат Өмірбаев, Кербұ­лақ аудандық «Кербұлақ жұлдызы» аудандық газетінің бас редакторы Ляйлә Оналбаева үшінші орынды өзара бөлісті. «Жастар жылы – даңғыл жол» арнайы жүлдесімен «Жетісу шұ­ғыласы» газетінің тілшісі Анас­та­сия Триппель марапатталса, «Ілиястың 125 жылдығына арнал­ған» арнайы жүлде Сарқан аудан­дық «Сарқан» газетінің бас редак­то­ры Жомарт Игіманға берілді.

 

Алматы облысы