Шонжыда құлаған спорт кешеніне қатысты әкімдік мәлімдеме жасады
Шонжыда құлаған спорт кешеніне қатысты әкімдік мәлімдеме жасады
Фото: Интернеттен алынды
207
оқылды

Шонжы ауылында салынып жатқан спорт кешенінің құлауына не себеп болғаны әзірге белгісіз, ­­-­ деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Усманбаевтың айтуынша, спорт кешеніндегі оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Оның айтуынша, спорт кешенін салу үшін 50 адам жұмыс істеп жатыр. «Лидер НК» ЖШС құрылысқа жауапты. Жоба бойынша үш корпус салу жоспарда бар. Сол үшеуінің бірінің шатыры құлаған.

Әлі салынып бітпеген ғимарат құрылысына қатысты тексеру басталды. Анығы, ғимарат құрылысы былтыр басталған. Биыл аяқталуы тиіс. Құрылысқа 1,171 миллиард теңге қарастырылған.