Англиядағы ауыл тұрғындары қазақстандық олигархқа қарсы наразылыққа шықты
Англиядағы ауыл тұрғындары қазақстандық олигархқа қарсы наразылыққа шықты
Фото: Daily Mail
253
оқылды
Қазақстандық бизнесменнің Шығыс Сассексте  асылтұқымды жылқы зауыты бар. Енді сол жерге 205 тұрғын үй кешенін салғалы жатыр. Ал тұрғындар бұған наразылық танытты.

«Бәрі Бизақовты керемет санайды. Өйткені ол миллиондаған қаражат салды. Бірақ ол жаңа үйлер салу арқылы мың жылдан астам тарихы бар ауылдың келбетін бұзуы мүмкін», – дейді наразылыққа шыққан тұрғынның бірі  Джонатан Уокер.

Бизақовтың құрылысқа қатысты өтінішін Уилден аудандық кеңесі шілде айында мақұлдағанын айта кету керек. Алайда бұл жаңалық тұрғындарды қуантпай отыр. Daily Mail басылымы тұрғындар мәселені сот арқылы шешуге бекініп отырғанын жазады. [caption id="attachment_74204" align="alignnone" width="634"]олигарх Фото: Daily Mail[/caption] Нұрлан Бизақов 2017 жылы Forbes рейтингісі бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарында болған. Байлығы 445 миллион долларға бағаланған кәсіпкер әр жылдары Қазақстандағы ұлттық компанияларда жоғары лауазымды қызметтер атқарған.