Қуат Хамитов Мәскеуге барды
Қуат Хамитов Мәскеуге барды
Фото: Интернеттен алынды
201
оқылды
Қуат Хамитов 25 қыркүйекте Fight Nights Global 98 турниріне қатысады. Оның қарсыласы ­– ресейлік Олег Косинов (7-5).   https://www.instagram.com/p/CFbElbTH-qu/?utm_source=ig_web_copy_link Біз бұған дейін Қуат Хамитовтың шенеуніктерге қатысты видео жариялағанын жазған болатынбыз. Іле-шала құқық қорғау органдары Қуат Хамитовтың қатысуымен зорлық-зомбылыққа шақыру туралы видео тарағанын анықтағанын хабарлады.

«Бұл факт ҚР ҚК 272-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Азамат Хамитов Қуат тиісті іс жүргізу әрекеттерін жүргізу үшін ДП-ға жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Азамат Хамитовтың іс-әрекетіне түбегейлі баға беріледі», – деп хабарлады полиция.