Отбасында жанжал шығаратындар 30 күн бойы бала-шағасын көрмеуі мүмкін
Отбасында жанжал шығаратындар 30 күн бойы бала-шағасын көрмеуі мүмкін
Фото: Интернеттен алынды
187
оқылды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қаралды.

Депутаттар отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырағандарды қорғауды күшейту керек деп есептейді. Олар тұрмыста зорлық-зомбылық көрсеткендерді жәбірленушімен және балалармен сөйлесу, кездесу және оларды ізіне түсіп аңдуға 30 күнге тыйым салынады.

Депутат Ирина Унжакованың айтуынша, заң жобасына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық қатері туралы хабарлама, оның ішінде, әлеуметтік желіде жарияланған мәлімет те полицейлердің жанжалды анықтау үшін әрекет етуіне негіз болады. Сол үшін полицейлердің өкілеттігін де кеңейтуді ұсынды.

Депутаттар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында айыпты адамды баспанасынан шеттетіп, жәбірленуші және балаларымен 30 күн бойы кездестірмеуді тәжірибе ретінде ұсынып отыр.

Соңғы кезде Ішкі істер министрлігінің дерегінше, биыл 8 ай ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық  дерегі негізінде 130 мың арыз түскен.

Нәтижесінде, 2,5 мың қылмыстық іс қозғалған. Бірақ  жәбірленушілер арасында арыз-шағымын кері қайтарып алғандары да бар.