«Жұмыссыздарға триллион теңгені таратып берейік» – депутат
«Жұмыссыздарға триллион теңгені таратып берейік» – депутат
Фото: Интернеттен алынды
190
оқылды

Депутаттың айтуынша, елімізде бір жұмыс орнын ашуға 4 миллион теңге жұмсалады екен, – деп хабарлайды КТК.

Коронавирустың екінші толқынында жағдай ушықса, жарты миллионнан аса жұмыссыздың қатарына тағы 200 мыңдай адамға көбеюі мүмкін. Екі миллионнан астам қазақстандыққа қолдау қажет болады. Еңбек министрлігі қиналған халықты 42500 теңге төлемді көбейту арқылы жарылқауды жоспарлап отыр. Депутаттар жұмыссыз қалғандарға жұмыспен қамтуға арналған бағдарламаларға бөлінген триллиондарды таратып берейік деген ұсыныс айтты.

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасына 1 триллион теңге бөлінген. Жемқорлықтың елімізде барын біле отырып, одан да бұл қыруар қаржыны тікелей, бағдарламаға қатыстырмай-ақ, жұмыссыз қалған қазақстандықтарға таратып берсек қайтеді? Мұны Президенттің өзі халыққа Жолдауында ұсынды ғой», – деді.

Бірақ депутаттардың триллиондарды таратып беру ұсынысын Еңбек министрлігі қолдаған жоқ. Өйткені бөлінген ақша бөлініп кетті.