Олжас Құдайбергенов тағы да жаңа қызметке сайланды
Олжас Құдайбергенов тағы да жаңа қызметке сайланды
Фото: Интернеттен алынды
233
оқылды

Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің отырысында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың жағдайы мен болашағы талқыланды.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Кеңестің негізгі міндеттерін түсіндірді.

Бұл Министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлеу. Кеңес төрағасы болып экономист, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды.

Кеңестің міндеті - мемлекеттік саясаттың бақыланатын басым секторларында жүктелген міндеттерге қол жеткізу үшін Министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлеу.