Қазақстанда полиция қызметкерлеріне жемқорлыққа қатысты 170 іс қозғалды
Қазақстанда полиция қызметкерлеріне жемқорлыққа қатысты 170 іс қозғалды
5,181
оқылды

Осы жылдың 8 айы ішінде полиция қызметкерлеріне қатысты 307 сотқа дейінгі тергеу басталған.

Оның ішінде 170-і сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша тергелуде. Қылмыстық жауапкершілікке әр түрлі буындағы 74 басшы, оның 52 – сі сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Қызметкерлер алаяқтық, парақорлық, өкілеттіктерін асыра пайдалану, дәлелдемелерді бұрмалау және басқа да қылмыстары үшін жауапқа тартылуда. Бұл ретте басшылардың қылмысқы әрекеттердің алдын алуда пәрменді шараларға қабылдауға дербес жауапкершілікте болуы маңызды деп хабарлайды министрлік.

«Мысалы, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы оның орынбасарының сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін ұсталуына байланысты қызметінен босатылды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жетекшілік ететін бөлімшелердің басшылары Атырау және Жамбыл облыстарының полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары қызметтерінен айрылды», - дейді министрлік.

Сонымен қатар мінез-құлықтың этикалық нормаларын бұзатын басшыларға қатысты қатаң шаралар қабылданады.
Қостанай облысында полиция департаментінің бастығы орынбасарларының бірі қызметке мас күйінде келген, ал екіншісі қарамағындағы қызметкерлердің намысын таптағаны үшін лауазымдарынан босатылды деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.