Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінде жеңіліп қалды
Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінде жеңіліп қалды
159
оқылды
Қазақстандық Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шыға алмады. Дүниежүзілік рейтингіде 76-орында тұрған З. Дияс алғашқы айналымда әлемнің 35-ракеткасы, Тунис спортшысы Онс Жабермен кездесті. Зарина биыл 27-ге толатын болса, қарсыласы одан бір жас кіші. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте тунис теннисшісі брейк жасап, сосын өз геймін ала білді. Есеп 6:3. Үшінші, шешуші сетте О.Жабер брейкпен алға шықты – 2:1. Тағы бір брейк – 4:1. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:1. Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 47 минутқа созылды. Осылайша Франция ашық чемпионатына жекелей сында қатысып жатқан бес қазақстандық теннисшінің төртеуі алғашқы айналымнан сәтті өтті. Тек З. Дияс қана жарыс жолынан шығып қалды. О. Жабер екінші айналымда рейтингіде 84-сатыда орналасқан жапониялық Нао Хибиномен кортқа шығады. Жапониялық спортшы рейтингіде 119-орындағы украиналық Марта Костюкті 6:4, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Осының алдындағы Рим турнирінде З. Дияс дәл осы Н. Хибинодан ұтылып қалса, кейін Е.Рыбакина соның есесін қайырған еді.