Кітап әлеміне саяхат
Кітап әлеміне саяхат
431
оқылды

«Жас­тар жы­лы» аясында рес­­пуб­лика деңгейінде ал­­ғаш рет «Кітапхана әле­мі – жастар әлеуеті мен жү­зе­ге асырылатын мүм­кін­­­діктер мекені» атты жас кі­тап­ха­на­шылардың I слеті өтті.

Іс-шараны Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған рес­публикалық кітапхана ұйым­дастырды.

Негізгі мақсат – жас маман­дар­дың шығармашылық қабілетін айқындау, осы салада тың әдіс­тер­ді енгізу, ұжымда позитивті жұ­­мыс тәртібін қалыптастыру, кі­тапханашылардың өзара тә­жі­рибе алмасып, біліктілігін арттыру.

Екі күндік жас кітапханашылар слетінде облыстық, қалалық арнайы кітапханалар мен арнайы бөлімдердің басшылары бірқатар мәселені талқылады.

«Қоғам трансформациясы – кітапханалар трансформациясы», «Қазіргі қоғамдағы кітапхана­лар­дың инновациялық қызметі» атты шеберлік сағаттары өтті.

«Global Inclusive innovation мүге­дектер қоғамы» қоғамдық бір­лес­тігінің төрағасы – Ғалымжан Габ­дрешов зағип жандардың ке­ңіс­тіктегі бағдарын анықтайтын Sezual тифлоқұрылғысын ой­лап тапқан. Оның Sezual тифло­құры­лғысының көмегімен зағип жандар алдындағы кедергіні, оның қашықтығы мен биіктігін, қан­дай зат екенін 0.12 сек ішінде анықтай алатынын, қозғалатын заттарды (автомобильдер, жаяу жүргіншілер және т.б.) бақы­лау­ға мүмкіндік беретінін тәжі­ри­бе жүзінде көрсетті. Бұл тех­но­логия алғашқы тәжірибелік сатыда Халықаралық ғалымдар кеңесінде сынақтан өткен.

Арнайы кітапханалардың ин­те­грациясы, заманауи фор­мат­та дамытудағы өзекті мәселе – қазақ латын әліпбиін Брайль қарпіне көшіру. Жиында латын әліпбиінің Брайль қарпіне лайықталған жо­ба­сы таныстырылды.

«Арнайы кітапханаларда ти­фло­техникалық құралдарды қол­дану» тақырыбында «САТР орта­лығы» менеджері Сергей Дядюля мен тифлотехникалық құрал­дар­ды қолдану бойынша нұс­қаушы Анатолий Мигай құрал­дар мен оқу­лықтар жайында мәлі­мет­тер берді.

Зағип жандарға арнайы нүк­телі-бедерлі қаріптегі аудио кітап­тар­дың тапшылығы жайында мәселені көтерді.

Кітапханада зағиптарға ар­нал­ған 248 410 кітап қоры бар «Кітап­хана – руханият мекені» атты көрме жасақталды. Нүктелі-бе­дерлі және үлкейтілген қа­ріп­тегі, жайпақ баспадағы әде­­­биеттер, тактильді, аудио кі­тап­тар, фонографтар, фильмдер жи­нақталған. Қазіргі уақытта түр­лі классикалық туындылар, ор­фографиялық, ғылыми фан­тас­­тика, көркем әдебиеттер, сон­­­дай-ақ шет тілінде жазылған әдебиеттер қордан орын алған. Кі­тап­хана жыл сайын 3 000-нан астам оқырманға қызмет көр­се­теді.

Кітапханашының жұмысы — жауапты мамандық. Жалақының аздығынан кітапханашылар басқа са­лаға жұмысқа ауысып кетіп жа­тыр. Қазақстан бойынша за­ғип­­тарға 1 республикалық, 9 об­­лыстық, 5 қалалық кітапхана мен 2 кітапханалық бөлім қызмет көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі зағип жандармен жұмыс істеу үшін ерекше шыдамдылық қажет.

Слетке қатысқандар зағип жандардың сұранысына қарай пайдалы деректерді жинақтап, біліктілігін арттыруға мейлінше қолдау білдірді.


Майра БАҚЫТ