COVID-19-бен байланысты қауіпті MIS-A синдромы ересектерден де анықталды
COVID-19-бен байланысты қауіпті MIS-A синдромы ересектерден де анықталды
135
оқылды
АҚШ ғалымдары ересектерде коронавируспен байланысты қабыну синдромын анықтады. Ал қазір бүлдіршіндер мен жасөспірімдерде коронавирустың асқынған түрі саналатын MIS-A синдромы ересек науқастарда да байқалып жатыр. Мұндай синдром анықталған пациенттердің жүрек ырғағы бұзылып (аритмия), іші ауыра бастаған. Айта кетерлігі, олардың ешқайсысында бұған дейін жүрек және асқазан-ішек жолдары аурулары болмаған деп жазады Sputniknews.kz. Америкалық мамандар 21-50 жас аралығындағы 16 науқастың жағдайын толық сипаттап берді. Олардың бәрінде аритмия анықталған, 12 адамның дене қызуы көтеріліп, тек сегіз пациентте ғана респираторлық симптомдар байқалған. Осының салдарынан он адам жансақтау бөліміне түсті, екеуі көз жұмды. Ғалымдар коронавирусты жұқтыру мен MIS-A синдромының пайда болуы арасында қанша уақыт өтетінін әзірге анықтаған жоқ. Сондықтан олар бұл синдром COVID-19-дың ауыр түрі ме, жоқ әлде инфекциядан кейінгі процесс пе, ол жағын нақты айта алмай отыр.