Алматы облысында полиция ірі алаяқтық жасаған күдіктіні іздестіруде
Алматы облысында полиция ірі алаяқтық жасаған күдіктіні іздестіруде
© Сурет ғаламтордан
311
оқылды
Алматы облысының полицейлері ірі алаяқтық жасады деген күдікпен 39 жасар Константин Войтихті іздестіруде Талғар ауданының тумасы өзінің танысына қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған. Күдікті жақынының қомақты қаржысын алдап алып кеткен. Факт бойынша тергеу ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігіне және 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Бұлтартпау шарасы - "күзетпен ұстау". "Құрметті азаматтар! Іздеу салынған адамның орналасқан жері туралы ақпаратты білетін барлық адамдарға дереу төменде көрсетілген нөмірлер арқылы полицияға хабарлауды сұраймыз: 8 (7282) 60-82-33, 8 705 110 55 57 немесе 102 ", - делінген хабарламада.   https://www.instagram.com/p/B7uqqUwHQF4/?utm_source=ig_embed