«Хагибис» дауылынан 7 миллион тұрғын үйін тастай қашып, 11 адам қаза болды
«Хагибис» дауылынан 7 миллион тұрғын үйін тастай қашып, 11 адам қаза болды
141
оқылды

Жапонияда «Хагибис» дауылынан 11 адам опат болған. 7 миллион тұрғын үйін тастап қашқан.

Толық емес мәлімет бойынша 106 тұрғын жарақат алған. Гумма префектурасында лай көшкінінен 3 адам, ал Сидзуока өңірінде 1 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Дауылдан көптеген үй қирап, тұруға жарамсыз болып қалған. Жергілікті билік «Хагибис» дауылын 60 жыл бұрын соққан «Ида» дауылымен салыстыруда. Себебі, желдің жылдамдығы 215 шақырымға жетіп, соңы нөсер жауынға ұласты. Елдімекенді су басып жатыр. Билік құтқару шараларымен күні-түні айналысуда.Толық емес мәлімет бойынша 106 тұрғын жарақат алған. Гумма префектурасында лай көшкінінен 3 адам, ал Сидзуока өңірінде 1 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Дауылдан көптеген үй қирап, тұруға жарамсыз болып қалған. Жергілікті билік «Хагибис» дауылын 60 жыл бұрын соққан «Ида» дауылымен салыстыруда. Себебі, желдің жылдамдығы 215 шақырымға жетіп, соңы нөсер жауынға ұласты. Елдімекенді су басып жатыр. Билік құтқару шараларымен күні-түні айналысуда.