Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерін қабылдады
Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерін қабылдады
163
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевты, Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы Бейбіт Исабаевты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Ерлан Саиров пен Мұхтар Тайжанды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Е.Саировпен әңгіме барысында еліміздегі қоғамдық-саяси жағдай және әлеуметтік-рухани мәселелер, мемлекеттің аймақтық дамуы туралы талқыланды. Сонымен қатар кездесуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары, еліміздің кейбір шекаралық аудандарының дамуы, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту және жас ұрпаққа сапалы білім беру жағдайы сөз болды.

Мұхтар Тайжанмен өткен кездесуде жер мәселесі, әскери-патриоттық тәрбие беру, қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды жұмысқа орналастыру жайы қозғалды. Сондай-ақ кездесу барысында өңірлердегі азаматтарды баспанамен және жұмыспен қамту, жол салу, экология мәселелері айтылды.