Алматыдағы ереуіл: Жұмысшыларға жалақы төлемеген
Алматыдағы ереуіл: Жұмысшыларға жалақы төлемеген
176
оқылды

Алматы қаласының әкімдігі жолайрық салып жатқан жұмысшылардың ереуілі жайында айтты.

Алматы қалалық мобильді басқармасының хабарлауынша, Рысқұлов даңғылы мен Емцова көшесінің қиылысында жол айырығын салып жатқан жұмысшылар ереуілге шыққан.

Мәселе «Рязанов атындағы №25 Мостостроительный» ЖШС-да болып отыр. Мердігердің айтуынша, қазіргі уақытта олардың жұмысшыларға берешегі бар.

Әкімдіктің хабарламасында: «Рысқұлов пен Емцов көшесінің қиылысындағы көпір құрылысын «Рязанов атындағы №25 Мостостроительный» ЖШС жүргізуде. Серіктестік 32 жұмысшыға жалақы төлемей отыр. Олардың берешегі 18,3 млн теңгені құрады. Қарыз мерзімі 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың мамырына дейін. Осы факті бойынша Алматы облысының еңбек инспекциясы жоспардан тыс тексеру жүргізді. Жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұзушылықтарды жою туралы ескерту берілді. Алайда бүгінг күнге дейін талаптар орындалмай отыр. Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына ҚР ҚК-нің 152-бабы бойынша шешім шығару үшін жіберілді» делінген.