Қараңғы дәліз, сынған терезе, шашылған қоқыс: «Ақ үйдің» қазіргі келбеті қорқынышты фильмнің декорациясын еске түсіреді
Қараңғы дәліз, сынған терезе, шашылған қоқыс: «Ақ үйдің» қазіргі келбеті қорқынышты фильмнің декорациясын еске түсіреді
449
оқылды
Мыңдаған адам Ала-Тоо алаңына шығып, 5 қазанда жаппай тәртіпсіздік басталған еді. 6 қазанға қараған түні белгісіз адамдар «Ақ үйді» басып алып, оны өртеп жіберген болатын. Жогорку Кенеш ғимаратындағы барлық құжат пен жиһаз және техника жойылды немесе тоналды. Бүгінде парламент қорқынышты фильмнің декорациясын еске түсіреді: қараңғы дәліз, сынған терезе, шашылған қоқыс. Ақ үй 24.kg Қырғыз Республикасының түкпір-түкпірінен келген еріктілер ғимаратты тонаушылардан қорғап жатқанын жазады. Ақ үй Олар журналистерді жоғары қабаттарға жіберуге қорқады. Өйткені онда тұрмыстық техника, мемлекеттік маңызы бар құжаттар мен сейфтер сақталған. Еріктілер БАҚ өз материалдарында аман қалғандарды көрсеткеннен кейін тонаушылар қайтадан пайда болады деп ойлайды. Ақ үй