«Аналар кеңесінің» атқаратын миссиясы бөлек
«Аналар кеңесінің» атқаратын миссиясы бөлек
250
оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығы­мен қалыптасқан қоғамдық келісім үлгісі еліміздегі этноса­­ралық қарым-қаты­нас­ты теңестірді.

Уақыт сынынан өтіп, әлемнің көптеген елі үшін тиімді үлгіге айналды. Біздің моделіміздің маңызды факторы – барлық этно­стардың бірлігімен Қазақ­стан­ның біртұтас халқы құралады.

Қазақстан әрдайым қазақ­стан­дық және халықаралық қо­ғам­­дастықта бейбітшілік пен ке­­лісім құндылықтарын ілгері­ле­туге ұмтылады. Содан болар Қа­зақ­стан жері өркениеттер диа­логінің орнына айналды.

Қақтығыстарды бейбіт жол­мен шешу, саналы таңдау ретінде үйлесімді қатар өмір сүру – осы­ның барлығы қазақстандық ұлт­тық құндылықтардың бір бөлігі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан хал­қына Жолдауында этносара­лық келісім мен дінаралық өзара түсіністікті нығайтуды, сондай-ақ елімізде барлық этностық топтар­дың тілдері мен мәдениетін да­мыту үшін жағдай жасауды жал­ғастыратынын мәлімдеді.

Бүгінде ассамблея құрамына Қазақстанның барлық этностары­ның басын қосатын 509 мүше кіреді. Ассамблея еліміздің 1 025 этномәдени бірлестігін бірік­тіреді, оның 28-і республикалық. Онда Қазақстан халқының бірлі­гіне үлкен мән беретін 408 мың адам жұмыс істейді.

Қазақстанда заңнамалық ор­ган – Парламент Мәжілісінде этно­стық топтардың кепілді өкіл­дігі қамтамасыз етілген. Барлық тоғыз депутат ассамблея мүддесін білдіреді, яғни бұл белгілі бір этностық топтан сайланған бо­лып табылмайды, олар – Қазақ­станның барлық этностары­ның мүдделерін танытып отырған өкілдер.

Барлық өңірлерде ассамблея­ның қамқорлығымен 2 786 Қо­ғам­дық келісім кеңесі, соны­мен қатар облыстық, қалалық, аудан­дық және ауылдық деңгейлерде ірі кәсіпорын ұжымдарында 1 753 Аналар кеңесі құрылды. Олар жергілікті жерлерде халықтың өзекті мәселелерін шешуге бел­сенді қатысады. Кез келген қақ­ты­ғыстың алдын алуда маңызды рөл атқарып отыр.

Тұңғыш Президенттің тап­сыр­масы бойынша, ҚХА қыз­ме­тін ғылыми-сараптамалық қамта­масыз ету үшін 2009 жылы ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі құрылды. Оның құрамында 52 ғалым, оның ішінде, 31 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, зерттеу институттарының басшы­лары мен қоғам қайраткерлері бар. Барлық өңірлерде ғылыми-сараптамалық топтар құрылды. Өңірлік ЖОО-лар — осы топ­тар­дың ғылыми базасы. Барлығы қызметке 262 ғалым тартылды. Сонымен қатар Журналистер клубы жұмыс істейді.

Қазақстан халқы ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы құрылды. Еліміздің жетекші жо­ға­ры оқу орындары мен колледж­де­рінде ҚХА 42 кафедра-орталы­ғы жұмыс істейді. Бұл жастарды мемлекет жүргізіп отырған этно­сая­сат рухында оқытуды қамта­ма­сыз етеді.

Ассамблея жастарға ерекше көңіл бөледі. Ассамблеяның этно­мәдени бірлестіктері жанын­да 138 жастар ұйымы жұмыс іс­тейді. Оған Қазақстан халқы ас­самблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозға­лы­сына біріккен 6,7 мыңнан астам жас қатысады. Көпфунк­цио­налды ресурстық орталықтар ретінде, соның ішінде ассамблея жастары үшін 40 Достық үйі жұмыс істейді. Республикалық Достық үйі Алматыда орналасқан.

Жастар жылы аясында 2019 жы­лы ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ жол картасы жүзеге асы­рылуда. Онда маңызды жұмыс­тар қамтылып жатыр.

Біріншіден, бұл — «Қазақ­стан­ның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының бағдарла­ма­сы­на белсене атсалысу. Іс-шара ая­сында, ассамблея қолдауымен «Менің жетістігімнің тарихы – ме­нің елімнің жетістігінің тари­хы» атты кездесу өткен болатын. Со­ндай-ақ JASTAR JYLY – DANGYL ZHOL республикалық жо­басы сәтті жүзеге асты. Алматы қаласының Еріктілер лигасымен бірге NEET санатындағы жастар­ға волонтерлік сауалнама жүргіз­дік.

Сонымен қатар «Қазақстан­ның 100 жаңа есімі» жеңімпаздары селфбрендинг тәжірибесімен бөлісіп, өз идеялары мен жобала­рын ілгерілету бойынша «Өзіңді таныт» жобасы қолға алынды.

Ассамблея «Жас толқын 100+», «Көшбасшы бол!» респуб­ли­калық форумдарының жоғары деңгейде өтуіне барынша ықпал болды. Осы форумдар аясында «Жарасым» РЖҰ мен Ресей ха­лықтарының ассамблеясы жас­тар қанаты «Біз – ресейліктер» ұйы­мы арасында ынтымақтастық ту­ралы меморандумға қол қойыл­ды. Жалпы, ассамблея іс-шара­лар­ды өңірлік деңгейде көп өткі­зе­ді. Мысалы, Шығыс Қазақстан об­лысында BIRLIK — 2019 ха­лықа­­ралық жазғы лагері және «100 жаңа есім: табысты болудың жолы» жазғы мектебі өтті.

Екіншіден, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы еліміздің бар­лық ірі қоғамдық-саяси іс-шара­ларға белсенді қатысады. Аста­намызда алма бағын отыр­ғызу идея­сын ассамблея жастары бас­та­машы болып жүзеге асырға­нын айта кету керек. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қар­са­ңында елорданың ботани­ка­лық бағы аумағында Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин­нің қатысуымен алма ағашының 6 түрінен 800 көшет отырғызылды. Оның бірі «Нұр-Сұлтан» деп аталды.

Ассамблеяның XXVII сессия­сын дайындауға және өткізуге «Жаңғыру жолы» қозғалысы жастар өкілдерінің белсенді қаты­суын ұйымдастырды. Сон­дай-ақ «Болашақ үшін естелік» халықа­ралық форумы аясында «Жаңғыру жолы» жастарымен #meninesimde акциясы өтті. Сонымен қатар «Қазақ халқына мың алғыс» мону­­мен­тінің алдында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбан­да­рын еске алуға арналған флеш­моб ұйымдастырылды.

Ассамблея жастары халықара­лық жобаларға белсенді қатысуда. Тамыз айында «Жаңғыру жолы» қозғалысының өкілдері белсенді қатысқан Орталық Азия жастар фестивалі өтті. «Көпэтникалық» алаңында ассамблея жастары тренинг өткізіп, жұмысын көп­ші­лікке үлгі етті.

Үшіншіден, «Жаңғыру жолы» қозғалысы өкілдері республика­лық әлеуметтік жобаларға қатыс­ты. Мәселен, Назарбаев универ­си­тетінде өткен self-made Көш­бас­шылар жастар форумын оң нәтижеге қол жеткіздік.

Төртіншіден, ассамблеяның өңірлік іс-шаралары да айрық­ша. Мысалы, Қарағанды облысы Прио­зерск қаласында ассамблея қамқорлығымен «Сарыарқа жас­тары» аймақтық жастар форумы өтті. Форум жұмысында әлеумет­тік жоба шеберханасының жаңа фор­маты ұсынылды. Онда әр топ өзі­нің әлеуметтік жобасын да­йын­дап, таныстырды. Олардың ең үз­ді­гі әрі қарай іске асыруға қол­дау көрсетті.

Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар бүгінде ассамблея жас­тары мемлекеттің әрбір маңызды іс-шарасына, елдің ішінде де, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде оның мүдделерін ұсына отырып, елдің оң имиджін қалыптастыруға белсенді түрде қатысып отыр.

Ал біз, аға буын жастарды бір­лік пен болашақ мақсат-міндет­терге қол жеткізуге талпынуға ық­пал етіп, сабақтастық қағидат­тарында тәрбиелеуге тырысамыз.

 

Шерзод ПУЛАТОВ,

Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары