Латвия радиосында Димаш айы жарияланды
Латвия радиосында Димаш айы жарияланды
172
оқылды
Латвия радиостанцияларының бірі қазан айын Димаш Құдайбергеннің айы деп жариялады. Бұл - аталмыш радиостанцияда бір орындаушыға арналған максималды ән саны. Қазан айын Димаштың айына айналдыру идеясы PIK100FM радиосында Dimash Latvia Dears фан-клубының бастамасымен жүзеге асқан. Димаш әндерінің жазғы ротациясы сәтті өткені соншалық, радио бір айды толықтай әншіге арнауды ұйғарған.

 Бұл бастаманы қолдап, жүзеге асыруға барын салған радионың музыкалық редакторы – Симона Летова Димаштың латвиялық жанкүйерлеріне сұхбат берген екен. "Жас та болса әлемге әйгілі әншінің шығармашылығымен мен де таныспын. Оның өнері мені де бей-жай қалдырмады, ерекше әсер етті. Сондықтан, Латвия фан-клубымен бірлесе отырып, оның екі әнін өз радиомыздан беруге шешім қабылдадық. Ол композитор Игорь Крутойдың Михаил Гуцериев, Лара Фабианмен бірлесіп жазған "Любовь уставших лебедей" және "Your love" әндері. Бұл тыңдармандардың назарын аударды", - деп сөзін бастады редактор.

Айта кетейік, радиодан небәрі 30 күн ішінде белгілі бір уақытта Димаштың әндері 150 рет шырқалады. Әндер тізімі бес күн сайын өзгеріп отырады. Жоспар бойынша алғашқы онкүндікте махаббат туралы әндер қойылса, одан кейін тақырыптар ауысып отырады.