Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
165
оқылды
Бұл туралы спортшы әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Ресми түрде! 4 желтоқсан. Магнитогорск, Ресей! Жекпе-жекке дайындықты бастадық», - деді Хамитов.

Бұған дейін Қуат Хамитов мансабындағы ұзақ үзілістен кейін Ахмад-Хан Боковты Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турнирінде ұтты.

Айтар болсақ, осыған дейін Алматы полициясы Қуат Хамитовты қамауға алғанын жазған едік. Кейінірек ішкі істер министрлігі атақты спортшы, аралас жекпе-жек шеберінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында айтты. Қуат Хамитов басын дауға қалдырған видеосына қатысты түсініктеме беріп, оны әзіл ретінде түсіргенін жеткізді. Алматы полициясы спортшыдан жауап алған соң, оны босатып үйіне жіберді.