Роналдуға «Барселонаға» қарсы матчқа қатысуға рұқсат берілуі мүмкін
Роналдуға «Барселонаға» қарсы матчқа қатысуға рұқсат берілуі мүмкін
146
оқылды
Туриндік «Ювентустың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналдуға Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Барселонаға» қарсы ойында қатысуға рұқсат берілуі мүмкін.

ESPN басылымның мәліметінше, ойыншы 28 қазан күні болатын матчтан жеті күн бұрын коронавирусқа сынама тапсырғанда ол теріс нәтиже көрсетуге тиіс.

Еске сала кетсек, 35 жастағы Роналду инфекцияға байланысты УЕФА Ұлттар лигасында Швециямен, Италия чемпионатында «Кротоне» және «Веронамен», сондай-ақ Чемпиондар лигасында Киевтің «Динамосымен» болатын матчтарға қатыса алмайды.