Шымкентте тағы бір жоғары оқу орны негізгі лицензиясынан айырылды
Шымкентте тағы бір жоғары оқу орны негізгі лицензиясынан айырылды
158
оқылды
Білім және ғылым министрлігі тағы бір жоғары оқу орнын – академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бас лицензиясынан айырды. Мұндай шешім білім саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша жүргізілген бірнеше тексеруден кейін қабылданған. Мұнымен қоса, бұл шешім Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты отырысының қорытындысы бойынша шығарылды. 10 жұмыс күні ішінде заңды күшіне енеді. Осы кезеңде академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті сот шешіміне де, министрлікке де шағымдануға құқылы.
Студенттер оқу семестрінің аяқталғанын күтпей-ақ басқа ЖОО-ларға ауыса алады. Басқа ЖОО-ларға ауысқан кезде студенттердің барлық оқу көрсеткіші жарамды болады. Ақылы негізде оқитындар үшін оқу құны бұрынғы деңгейде қалады. БҒМ өз тарапынан көмектесетін болады. «Студенттер мен ата-аналардың мұндай шаралар, ең алдымен, студенттердің өздерінің мүдделерін ескере отырып, қабылданатынын түсінгенін қалаймыз. Егер жоғары оқу орындары білім беру саласындағы талаптарға сәйкес келмесе, диплом алғаннан кейін болашақ мамандар жұмысқа орналасу проблемаларына тап болуы мүмкін», – дейді БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.