Нұр-Сұлтанда өрттен екі адам қаза тапты
Нұр-Сұлтанда өрттен екі адам қаза тапты
154
оқылды
Өрт сөндірушілер 17 қазан күні сағат 17:09-да оқиға орнына барды. Өрт бес қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерде болған. Салдарынан үй заттары мен техникасы өртенді. Сағат 17:56-да ауыздықталып, сағат 18:08-де сөндірілді. Өрт сөндіру кезінде оқиға орнынан 1949 жылы туған екі әйел және 1977 жылы туған ер адам табылды. «Өртті сөндіруге ТЖД-нің 14 қызметкері мен 3 техникасы, сондай-ақ полиция және жедел медициналық көмек департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі-калориясы аз от көзі (сөндірілмеген темекі)», – делінген Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.