Ішімдік ішкен ер адам екі баласын бөлмеге қамап, газ баллонмен жарып жібермек болды
Ішімдік ішкен ер адам екі баласын бөлмеге қамап, газ баллонмен жарып жібермек болды
195
оқылды
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, келеңсіз жағдай бүгін күндіз сағат 15.45-те болған. Учаскелік полицияның «101» пультіне Еңбекші ауданының Айнатас тұрғын үй алабының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін хабарлаған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілері 42 жастағы үй иесінің мас күйде суицид жасамақ болғанын анықтады. Ол отбасылық жанжалдан кейін 50 литр газ баллонын ашып, 4 және 8 жастағы екі баланы бөлмеге қалдырған. Кез келген минутта жарылыс болу қаупі туған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам мен апаттар медицинасы орталығы филиалының арнайы бригадасы тартылды. Қауіпті жағдайды түсінген №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Ербол Небесаев пен аға өрт сөндіруші азаматтық қорғау сержанты А.Юлдашев жедел әрекетке көшті. Өзге қызметкерлермен бірге бөлмеге кіріп, газ баллонының кранын жапқан. Баллонды далаға шығарып, балаларды қауіпсіз жерге көшірді.

 «Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы балалардың жағдайын қарап шығып, медициналық көмек қажет емес екенін анықтаған. Олар анасымен бірге үйінде қалды. Ал үй иесін Еңбекші ауданының полиция қызметкерлері алып кетті», – делінген хабарламада.