Бір күнде 197 адам пневмонияға шалдықты
Бір күнде 197 адам пневмонияға шалдықты
170
оқылды
2020 жылғы 18 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 197 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 42 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бергі статистика бойынша  ауырғандар саны – 35 914.

381 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны – 28 207. Айта кетейік елімізде коронавирус белгілері бар пневмонияның тұрғындар арасында асқынуының салдарынан еліміздің бірқатар облыстарында карантин режимі күшейтілді.