Бортсеріктер ереуілі: 100 рейс кейінге шегерілді
Бортсеріктер ереуілі: 100 рейс кейінге шегерілді
160
оқылды

Lufthansa тобына кіретін төрт әуе компаниясының бортсеріктері ереуілге шықты.

Deutsche Welle-нің жазуынша, Берлин, Гамбург, Мюнхен, Майндағы Франкфурт, Дюссельдорф және Кельн әуежайларындағы рейстер кейінге шегерілген.

Бортсеріктер ереуілді 20 қазанда сағат 5-тен 11-ге дейін өткізу жоспарлаған. Бірақ ереуіл түн ортасына дейін созылған. Ереуілге шыққандар, негізінен, Eurowings, Germanwings, SunExpress және CityLine компанияларының қызметкерлері. Қарсылықтың кесірінен халықаралық Берлин — Тегель әуежайы 15 рейсті тоқтатса, ал Гамбургте — 12, Мюнхен әуежайында — 10-ға жуық. Майндағы Франкфурт, Дюссельдорф және Кельн әуежайлары кейінге шегерілген рейстердің нақты саны қанша екені белгісіз.