Кен орнында 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, қаза тапты
Кен орнында 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, қаза тапты
204
оқылды
«Қазақалтын» кенішінде 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ Бестөбедегі кенішіндегі жаңа шахтада болған. 17 қазанда өндірістік жұмыстар кезінде топырақ опырылып кеткен. Салдарынан кәсіпорынның 1987 жылғы жұмысшысы топырақтың астында қалып қойды. «Оқиға сағат 12:30 орын алды. Сол кезде «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ құтқару отряды ер адамды топырақ үйіндісінің астынан алып шықты. Алайда ол Степногор қалалық ауруханасында көз жұмды», – дейді Степногор қалалық ТЖ басқармасының бастығы Еркебұлан Есенжолов.