Жатақханаға 17 мың теңге төлеу мұғалімдер үшін қымбат
Жатақханаға 17 мың теңге төлеу мұғалімдер үшін қымбат
264
оқылды

Бас қаланың әкімі Алтай Көлгінов мектеп мұғалімдеріне арнап, жаңадан салынған жатақханаларда тұрып жатқан мұғалімдердің тұрмысымен танысты.

Қаладағы нысандарды аралау кезінде елорда әкімі №40, №8, №60 мектепке барды. Сонымен қатар қала әкімі жаңа жатақханада тұратын педагогтермен кездесті. Жас мұғалімдерге арналған ыңғайлы орталық биыл күзде ашылды. 350 орынға лайықталған. Орталықта шахмат, үстел теннисі, кітапхана, асхана және оқу сыныптары бар. Әкіммен кездесуде мұғалімдер елорда әкімінен жалдау құнын 17 мың теңгеден төмендетуді сұрады. Қала басшысының тарапынан бұл бастама қолдау тапты.