Көшенің ортасында жеңіл көлік өртеніп кетті
Көшенің ортасында жеңіл көлік өртеніп кетті
179
оқылды
Өртке куә болған адамдар әлеуметтік желіге оқиға орнынан сурет жариялады. Төтенше жағдай Райымбек –Тілендиев көшелерінің қиылысында болған. «Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар келгенде «Рено Логан» көлігі өртеніп жатқан. Көліктен газ иісі шыққан. Көлік салонында газ баллоны құрылғысы бар болып шықты. Жарылыс қаупінің алдын алу үшін өрт сөндірушілер бірден газ құрылғысын салқындатуға кірісті. Артынан өрт сөндіру көбігі ГПС-600 төгілді. Соның арқасында жарылыс болмады. Кешкі 19:20-да өрт сөндірілді», - деді ТЖД. Төтенше жағдайлар департаменті көлігіне газбен жүру құрылғысын салдырған жүргізушілерге арнайы мамандандырылған стансаларда жөндеу жасау керегін ескертеді.