Сапарбаев: Жаңа заң қабылдағанда мұғалімдердің пікірін ескереміз
Сапарбаев: Жаңа заң қабылдағанда мұғалімдердің пікірін ескереміз
296
оқылды

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобымен Шымкент қаласына барды.

Мақсаты – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру. Аймақтағы сапарын №65 мектеп-гимназиядан бастаған Бердібек Сапарбаев мұғалімдермен жүздесті. Сондай-ақ магистрлік дәрежесі бар мұғалімдердің жалақысы жоғары болатынын айтты.

— Педагогтердің білім сапасына да мән беруіміз қажет. Сондықтан да жоғары білімнен кейінгі магистрлік білімі бар ұстаздардың жалақысына қосымша ынталантыру мақсатында 17 пайыз үстемеақы төленеді, — деді.

Сонымен қатар мұғалімдерге артық жүктемелерді азайту, олардың жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Вице-премьер мәселені ашып айту керегін, жаңа заң қабылданғанда мұғалімдердің пікірлерін ескеретінін айтты.