Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтеміз, басқа мәселе жоқ - Лукашенко
Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтеміз, басқа мәселе жоқ - Лукашенко
5,255
оқылды

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусия президенті Александр Лукашенко кездесті. Жүргізген келіссөздер барысында экономикалық саланы кеңейтуге басым назар аударылды. Себебі, "арамызда басқа мәселелер жоқ" деді Александр Лукашенко.

«Беларусь-Қазақстан қатынастарының деңгейі бүгінде біздің елдеріміздің стратегиялық мүдделеріне толық сәйкес келеді. Бұл көптеген жылдар бойғы қажырлы еңбектің нәтижесі, бұл өз кезегінде болашаққа маңызды жоспар құруға мүмкіндік береді. Минск пен Нұр-Сұлтан бар деңгейде өзара оң тәжірибемен жұмыс жасап келеміз, сенім деңгейінің жоғары болғаны сонша, кез келген тақырыпты ашық талқылай аламыз», - деді Лукашенко.

Оның айтуынша, ауқымды ынтымақтастық үшін жақсы негізді әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарының ұқсастығы, экономиканың нақты секторын нығайтуға деген өзара ұмтылыс қалыптастырады.

«Сондықтан біз бүгінгі тар келіссөздерде экономикалық саладағы диалогтарды кеңейтуге басым назар аудардық, себебі одан басқа мәселе жоқ. Халықаралық күн тәртібіндегі жайттарға біздің көзқарасамыз сәйкес келеді. Қазақстан – біздің негізгі серіктесіміз, 3 жыл ішінде тауар айналымын екі есеге арттырдық. 2018 жылы 900 млрд долларға жетті», - деді Лукашенко келіссөз барысында.

25 қазан Ақордада Қазақстан президенті Қ.Тоқаев пен Беларусия президенті А.Лукашенко кездесті.