Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешенін түнде бұзуға не себеп болды?
Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешенін түнде бұзуға не себеп болды?
136
оқылды

Елорданың сол жағалауында салынып бітпеген «Территория комфорта» тұрғын үй кешенін түнде бұзу себебі айтылды.

«Sputnik Қазақстанның» жазуынша, бұл тұрғын үй кешенін бұзу қыркүйекте басталған. Кеше түнде құрылысшылар ғимаратты құлатқан. Себебі, ғимараттың жарылуына байланысты биіктіктен бұзу қауіпті болған.

— Тұрғын үй құрылыс алаңында орналасқан. Сағат 22:40-та біз барлық жұмысты аяқтадық. Үй біз жоспарлағандай тегіс құлады. «Басқа жаққа ауып кетті» деген қауесет негізсіз. Бұл жұмыстарды екі апта бұрын жоспарлап, барлығын жоспар бойынша құлаттық, — дейді тұрғын үй кешенін бөлшектеу жөніндегі бас маман Алиакбар Үмбеталин.

Ол үйді әдейі түнгі уақытта бұзғанын айтты.

— Жұмыс түнде жүргізілді. Өйткені адамдарға тоқтап, суретке түсіріп тұруға болмайтынын түсіндіре алмайсың. Біз үйді тегіс көпшікке құлаттық, шаң бес метрге ұшты, қатты гүрсілдеген жоқ. Жақын жерде тұрған бірде-бір көліктің дабыл жүйесі іске қосылмады, — деді ол.