Президент Алматы әкімінің бірінші орынбасарына сөгіс жариялады
Президент Алматы әкімінің бірінші орынбасарына сөгіс жариялады
5,181
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа Көк-Төбе бөктерінде тасталған алма ағаштарының көшеттер үшін сөгіс берді.

«Мен үш жыл бойы Швейцарияда жұмыс істедім. Онда ағаштарды кесу тіпті бір ағашты кесудің өзі ауыр қылмыс саналады, себебі олар тұтас халықтың меншігі. Көк-Төбе баурайында тасталған алма ағаштарының көшеттері оқиғаны еш ақтамайды. Осы себепті әкімнің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялаймын. Игі істі жеңіл іске айналдырдыңдар. Іске кіріссең – орындау керек. Қолыңнан келмей ме – жауапкершілік алма», - деді Тоқаев.

Бұған дейін Көк-Төбе баурайында волонтерлер Қызыл Кітапқа енгізілген Сиверс алмаларының екі мыңға жуық көшеттері мен қызғалдақ баданаларының жүзге жуық қорабын тапқан. Олар қала әкімдігі ұйымдастырған көшет отырғызу шарасынан кейін табылған.