Фируза Шәріпова Мәскеудегі бокс кешінде  сербиялық қарсыласын жеңді – видео
Фируза Шәріпова Мәскеудегі бокс кешінде  сербиялық қарсыласын жеңді – видео
248
оқылды

Қазақстандық спортшы Фируза Шәріпова (11-1, 6 КО) сербиялық Сара Марьяновичпен (7-7, 3 КО) айқасып, жеңіске жетті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. Фируза Шәріпова осымен кәсіби рингтегі 12-інші жеңісіне қол жеткізді деп жазады Sports.kz. 26 жастағы спортшы үшін бұл биылғы екінші айқас болып отыр. Ол осыған дейін Танзания өкілі Хэппи Даудиді (9-7-1, 4 КО) бесінші раундта нокаутқа жіберді.