Қ.Тоқаевтың Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды
Қ.Тоқаевтың Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды
5,202
оқылды

Бішкекте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов пен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиевтың қатысуымен қазақстандық-қырғыз Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті,– деп хабарлайды т ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Жүздесу барысында Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына алдағы қараша айына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды. Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ екі ел арасында туризмді дамыту бойынша өзекті жайттар қарастырылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар достық және тату көршілік, одақтастық және стратегиялық серіктестік рухында өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты.