ДАИШ* басшысының көзін қалай жойған?
ДАИШ* басшысының көзін қалай жойған?
161
оқылды

Пентагон ДАИШ* (ҚР тыйым салынған лаңкестік ұйым) лаңкестік ұйымының басшысы Әбу Бакр әл-Бағдадидің көзін жойған операцияның бейнежазбасы мен фотосын жариялады. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Қысқа видеода АҚШ растағандай лаңкес жасырынған ғимарат көрсетілген. АҚШ қарулы күштері Орталық басқарма генералы Кеннет Маккензи журналистерге әл-Бағдади жасырынған ғимараттың Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында орналасқанын алға тартты.

Маккензи ДНҚ сараптамасы лаңкестің шынымен көзі жойылғанын растады деді. Пентагон өкілі әл-Бағдади өзімен қоса екі баланы жарып жібергенін хабарлады. Бұған дейін Трамп содыр өзімен қоса үш баланы жарып жіберді деп мәлімдеген еді. Маккензи әл-Бағдадидің денесі теңізге тасталғанын айтты.

Атап өтерлегі 27 қазанда АҚШ лаңкестік ұйым басшысы әл-Бағдадидің көзі жойылғанын хабарлады.