Мемлекет басшысы Пәкістан Президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Пәкістан Президентіне көңіл айтты
228
оқылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады,– деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда жолаушылар пойызында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

– Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан Сізге және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Сондай-ақ жантүршігерлік оқиға кезінде зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін,– делінген жеделхатта.

Еске салайық, бүгін таңертең Пәкістанда Карачиден Равалпиндиге бара жатқан жүрдек пойыз өртенді. Соңғы мәліметтер бойынша 73 жолаушы мерт болған.