Үйінді астында 3 күн жатқан үш жасар қыз аман қалды  
Үйінді астында 3 күн жатқан үш жасар қыз аман қалды  
196
оқылды

Измирде үйінді астында қалған жатқан 3 жасар Элиф Перинчек арада 65 сағат өткен кейін құтқарылды, – деп жазады «Анадолы» агенттігі.

Құтқарушылар қызды ауруханаға жеткізді. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) басшысы Мехмет Гюллюоглу баланың аман-есен табылғаны таңғажайып оқиға екенін айтып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Измирдегі зілзала салдарынан қайтыс болғандар саны көбейгенін жазған болатынбыз.