Ертең Қазақстанда діни бағытта тағы бір телеарна ашылады
Ертең Қазақстанда діни бағытта тағы бір телеарна ашылады
176
оқылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Халық арна» республикалық телеарнасы ашылады, - деп хабарлайды "Қазақпарат".

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай көптеген игі шара ұйымдастырылды. Пандемия кезінде мүфтият қайырымдылық бағытта бірқатар шаралар атқарды. Сонымен қатар карантин кезінде онлайн насихат жұмыстарының маңызы артты. Дегенмен ақпарат ғасырында жаңа технологияны игеріп, насихат жүргізу мен ақпарат таратудың телевизиялық тәсілін өзімізден басқаруды ұйғардық. Осыған орай ҚМДБ жанынан республикалық «Халық арна» атты төл телеарнамызды ашқалы отырмыз» делінген діни басқарманың ресми ақпаратында.

Ертең телеарнаның ашылуына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, елге белгілі қоғам қайраткерлері қатыспақ.