Мамин өрт сөндіруге қаржы бөлмеген әкімдер туралы айтты

Мамин өрт сөндіруге қаржы бөлмеген әкімдер туралы айтты

Оның айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей жауапты. Сондықтан азаматтардың өмірі мен олардың мүлкін апаттан қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

«Статистикаға қарағанда, кейбір өңірлерде өрт саны, адамдардың жарақаттануы мен қаза болуы көбейген. Әсіресе, Шымкент, Алматы қалаларында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жер үйлерде өрт саны көбейген», – деді Асқар Мамин.

Премьер-Министр өрт күн суытқанда көбейетінін еске салды.

«Өңірлердің әкімдері осы мәселені ерекше бақылауға алып, тиісті шаралар қабылдасын. Материалдық-техникалық жарақтандыру туралы қолданыстағы жол картасын 2018-2020 жылдары іске асыру 404 өрт сөндіру автомобилі мен 19 мың жабдық пен керек-жарақ алуға мүмкіндік берді. Мұның өзі өрт сөндіру қызметінің жарақтандырылу деңгейін жоғарылатты. Бұл жұмыс астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау және Қарағанды облыстарында жақсы жолға қойылған. Бірақ Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарының әкімдіктері осы мақсатқа жеткілікті қаражат бөлмеген», – деді Асқар Мамин.