Нұр-Сұлтан әуежайында 11 рейс тоқтатылды
Нұр-Сұлтан әуежайында 11 рейс тоқтатылды
© Сурет ғаламтордан
281
оқылды
"Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында 11 рейс тоқтатылды, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.  Себеп - ауа райының нашарлауы. "Тоқтатылған 14 рейстің жетеуі қонуға, жетеуі ұшуға бағытталған. Кідірістердің үшеуі халықаралық бағыт бойынша - Үрімші, Ташкент, Новосибирск. Сондай - ақ, бүгін 11 рейс тоқтатылды",-деді әуежайдың баспасөз хатшысы Денис Ахметжанов. Бұрын Қазақстанның 45 жол учаскесінде боран мен бұрқасын салдарынан қозғалыс шектелгенін хабарлаған болатынбыз.