Мәулен Әшімбаев шекараны күзетуге қатысты пікір білдірді
Мәулен Әшімбаев шекараны күзетуге қатысты пікір білдірді
194
оқылды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, мемлекеттік шекара – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі.

Жаңа қабылданған заң ұлттық қауіпсіздік органдарының басқару қызметін жетілдіруге  мүмкіндік береді. Арнайы техникаларды қолдана отырып мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды күшейтуге болады.

«Заңда маңызды нормалар қарастырылды. Олар Президентіміздің мемлекеттік шекараның мызғымастығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға арналған. Қазіргі таңда әлемде түрлі сын-қатерлердің туындап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан шекараны уақыт талабына сай күзетудің және қорғаудың мықты жүйесін қалыптастырудың маңызы зор. Осы орайда бүгін қабылданған заң ұлттық қауіпсіздік органдары мен шекара қызметінің тиімділігін арттыру, шекарамыздың беріктігін қамтамасыз етуге қызмет етеді деп сенеміз», – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.