Жерлесіміз испандық клубтың ең қымбат футболшылар қатарында
Жерлесіміз испандық клубтың ең қымбат футболшылар қатарында
5,171
оқылды
19 жастағы Дмитрий Бачек испандық «Побленсе» клубының ең қымбат ойыншыларының біріне айналды. Қарағандылық футболшының трансферлік құны 100 мың еуроны құрайды және ол командадағы ең құнды төрт ойыншының тізіміне енген. Испания чемпионатының үшінші дивизион клубының жалпы құны 1,45 миллион еуроны құрайды. Бачек «Побленсеге» қазан айында көшіп келді, Қазақстан жастар құрамасының жетекшісінің испандық клубпен келісімшарты 1 + 1 схемасы бойынша құрылған.