Нұр-Сұлтан: Таңертең – қалаға, кешке – далаға
Нұр-Сұлтан: Таңертең – қалаға, кешке – далаға
5,154
оқылды

Таңертеңгі және кешкі уақыттағы кептелістерді болдырмау үшін елордада реверстік кері қозғалыс тәртібі енгізілуі мүмкін.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы бұл мәселені талдау қажеттігін айтты.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболовтың айтуынша, Нұр-Сұлтанда реверстік кері қозғалыс тәртібін енгізілуі мүмкін.

Zakon.kz-тің жазуынша, Мақсат Байболов бұл мәселені Нұр-Сұлтан полиция департаментінің бастығы әкімдіктегі жол қозғалысын реттеу жөніндегі кеңесте айтқан.

— Оқу жылының басында жолдарда үлкен кептелістер пайда болғандықтан осындай идея пайда болды. Қабанбай батыр даңғылын алайық, ол 30 мыңнан астам адам тұратын ірі Қосшы ауылына апарады. Көлік нөпірі таңертең Нұр-Сұлтанға кіруге, кешке қаладан қашуға асығады. Әрине, кептелістер туындап, қолайсыздықтар болып жатыр. Бұл мәселені реттеу үшін біз оны жан-жақты қарастырамыз, бірақ түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ, — деді ол.

Оның айтуынша, әлі бәрін мұқият сараптау қажет.